Ватикан музейлері мен Римдегі Колизей көпшілік үшін қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Италияда індеттің беті қайтып, қауіп-қатердің «сары» деңгейі жарияланды. Колизей бұған дейін 56, ал Ватикан музейлері 88 күн жабық тұрды. Енді туристер дүйсенбіден жұмаға дейін Римнің ең ірі әрі ең ежелгі амфитеатрына таңғы 22:30-дан түскі 16:30-ға дейін бара алады. Бірақ ішке кіру үшін алдын ала жазылу керек. Келушілер кіреберісте температурасын өлшетіп, үнемі бетперде тағып жүруі тиіс. 2019 жылы Ватикан музейлері мен Коллизейге кемінде 7 миллион турист келген.
Алессия, Рим тұрғыны:
- Өте бақыттымын. Осы сәтті ұзақ күттім. Ақыры музейді қызым мен анама көрсететін болдым.