Вашингтон штатында бір күнде жауған қардың қалыңдығы 25 см-ге жеткен

АҚШ астанасында адамдар төбелес ұйымдастырды. Бірақ бұл жолы олар бірін бірі қармен атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вашингтон тұрғындары Ұлттық аллеяға жиналып, қысқы шайқасқа қатысты. Былтырғы қаңтар айынан бері алғаш рет қар қалың жауды. Қалада ертеңге дейін төтенше жағдай жарияланды. Метеорологтардың есебі бойынша Вашингтон штатында бір күннің ішінде жауған қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен. Вирджиния штатында ақ түтек боран соғып, бірнеше қалада мектептегі сабақ тоқтады, көлік қозғалысы шектелді.