Оңтүстік Африка Республикасына вакцинаның алғашқы легі жеткізілді

Оңтүстік Африка Республикасына вакцинаның алғашқы легі жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дозаларды арнайы күтіп алу үшін ел астанасы Йох-Аннесбургтағы халықаралық әуежайға мемлекет басшысы Сирил Рама-фосаның өзі келді. Әзірге «АстразЕнека» екпесінің 1 миллион дозасы әкелінген. Енді алдағы екі аптада препараттардың тиімділігі тексерілмек. Тек содан кейін ғана вакциналар 9 провинцияға жеткізіліп, екпе шараларына рұқсат етіледі. Бұл ел «қара құрлықта» коронавирус жұқтыру және өлім-жітім деңгейі бойынша алдыңғы орында тұр. Оның үстіне мұнда COVID-19-дың жаңа штамы шыққан. Соңғы дерек бойынша Оңтүстік Африка Республикасында 1 жарым миллиондай адам індетке шалдығып, көз жұмғандар қатары 44 мыңнан асқан.

Сондай-ақ...