Сомалиде лаңкестер қонақ үйге шабуыл жасады

Сомали астанасы Могадишодағы террорлық әрекеттен 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы шамамен 15 тұрғын түрлі жарақат алған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, атышулы Әл-Шабаб ұйымының 4 лаңкесі жергілікті қонақ үйлердің біріне шабуыл жасаған. Тәртіп сақшылары лаңкестер қолдан жасалынған граната қолданғанын айтады. Шабуыл жасағандардың барлығы полицияның қолынан мерт болды.

Сондай-ақ...