Францияда халықаралық кинофестиваль онлайн өтеді

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан Францияның Клермон-Ферран қаласында жыл сайын өтетін халықаралық қысқаметражды кинофестиваль виртуалды өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысатын 153 фильм 8 мың туындының ішінен іріктелініп алынды.

Айта кетейік, Клермон-Ферран қаласындағы бұл шара әлемдегі ең беделді қысқаметражды кинофестивальдердің тізіміне енеді. Алғаш рет ол 1982 жылы өткізілді. 1989 жылдан бастап фестиваль халықаралық деңгейге жетіп, жыл сайын ақпан айының басында өткізілетін болды. Былтыр дәстүрге айналған кинофестивальге 172 мың 566 көрермен қатысқан болатын.