419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Масктың кемесімен ғарышқа ұшу құны 10 долларды құрайды

  • 153
  • UPD: 10:07, 02.02.2021
Илон Масктың кемесімен ғарышқа ұшу құны 10 долларды құрайды Quartz

Экипаж жер маңайындағы орбитада бірнеше күн болған соң, Жерді әр 90 минут сайын айналып отырады да, кейін Флорида штатының жағалауына қонады.

SpaceX компаниясы 2021 жылдың соңына қарай Falcon 9 зымыранын ұшыруға ниетті. Экипаж толықтай азаматтық тұлғалардан тұрады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.

Белгілі болғандай, қатысушылардың бірі – Shift4 Payments компаниясының негізін қалаушы 37 жастағы миллиардер Джаред Айзекман. Ол осы істің демеушісі атанбақ. Джаред Dragon ғарыш кемесіндегі тағы үш астронавттың шығынын өтеп беруге келіскен.

«Ұшар алдында экипаж толық дайындықтан өтеді, оның ішінде микрогравитация және салмақсыздық жағдайында тексеріледі», – делінген мәліметте.

Іріктеуге өтініш беру үшін арнайы сайт қосылған, ол жерде 10 долларды құрайтын бастапқы жарна төлеу керек. Бұл қаржы қатерлі ісікке шалдыққан балаларға жұмсалады. Ал ғарыш туристерінің есімдері бір ай ішінде анықталады.

Хабар 24 телеарнасы