423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияда егде жастағы адамдарды вакциналау басталды

  • 267
  • UPD: 13:24, 02.02.2021
Бразилияда егде жастағы адамдарды вакциналау басталды

Әлемде індет ең көп таралған елдің бірі Бразилияда халықты вакциналау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рио-де-Жанейро қаласында жұқпалы кеселге қарсы екпені қарттар да ала бастады. Жергілікті билік ақпанның соңына дейін жасы 80-нен асқан азаматтарды толық вакциналауды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта екпе егу орталықтарын көбейту де көзделген. Кей жерлерде көліктен түспей вакцина алатын орындар ашылмақ.

Даниэль Соранц, Рио-Де-Жанейро қаласы Денсаулық сақтау қызметінің өкілі:

– Халықты вакциналаудың нәтижесінде дертті жұқтыру мен өлім-жітім азаятынына сенімдіміз. Бұл істе ең алдымен егде жастағы адамдарды егу маңызды. Себебі, аймақта дерттен көз жұмғандардың 80 проценті – жасы 60-тан асқан қарттар.

Ал АҚШ-та халықты жаппай вакциналау шарасын жүргізетін ірі орталықтар көбейтіліп жатыр. Аризонаның Феникс қаласындағы стадионда тағы бір орын ашылды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл жерде тұрғындар екпені тәулік бойы ала алады. «Вакцина салдырушылардың көптігі соншалық, екпе жетіспей жатыр», - дейді жергілікті дәрігерлер.

Хабар 24 телеарнасы