419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ryanair әуе компаниясы 382,6 млн доллар шығынға батты

  • 115
  • UPD: 13:59, 02.02.2021
Ryanair әуе компаниясы 382,6 млн доллар шығынға батты

Ирландиялық Ryanair әуе компаниясы өткен жылдың үшінші тоқсанында 382 миллион доллар шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себеп – коронавирус пандемиясы. Осы уақыт аралығында компанияның жолаушылар тасымалы 78 процентке төмендеген. Жаңа штамның кесірінен желтоқсанда Ұлыбританияға әуе рейстері мүлде тоқтап қалған болатын. Бірақ жазға дейін әлемнің көптеген мемлекетінде халықтың басым бөлігі вакциналанып, жағдай оңалады деген үміт бар. Компания биыл 30 миллион адамды тасымалдаймыз деп жоспарлап отыр. Бірақ жылдық шығын көлемі 1 миллиард еуроға жетуі ықтимал.

Майкл О'лири, әуе компаниясының бас директоры:

– Біз Ұлыбритания мен Еуропадағы вакциналау бағдарламасына көп үміт артып отырмыз. Ұлыбританияда наурыз айына дейін халықтың 50 проценті екпе алады. Ал Еуропада бұл көрсеткішке маусым айында қолжеткізіп, жазға қарай жағдай жақсарады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы