Нью-Йоркте қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қалада мектептер, вакциналау нысандары жабылып, көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мамандардың хабарлауынша, жақын арада АҚШ-тың Пенсильвания штатынан Мэн штатына дейінгі үлкен аумақта омбы қар жауып, қалыңдығы 60 сантиметрге жетуі мүмкін. Бұл рекордты көрсеткіш болмақ. Бұдан басқа, синоптиктер желдің екпіні секундына 22 метрден асады деп ескертті. Қолайсыз ауа райы қазірдің өзінде бірнеше штатта электр жарығын өшірді. Осыған байланысты, төтенше жағдай Коннектикут, Нью-Джерси штаттарында және Филадельфия қаласында жарияланды. Аймақта пойыздар мен автобустар тоқтатылған.