Әлемдік мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың бірі – British Petroleum 10 мың жұмыс орнын қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – коронавирус індетінен туындаған дағдарысқа қарсы іс-шаралардың бір бөлігі. Өткен жылдың 4-тоқсанында BP-дің табысы 115 миллион долларға төмендеген. Ал алдында аналитиктер компанияның кірісі көбейеді деп болжаған болатын. Былтыр көктемде коронавирус таралғалы бері әлемде энергетика ресурстарына деген сұраныс күрт кеміп, сауда-саттық төмендеді. Жалпы British Petroleum бір жылдың ішінде 5 миллиард 700 миллион долларынан айырылған. Бұл соңғы он жылда тіркелген ең ірі шығын.