Францияның Білім беру министрі оқушылармен бірге жаттығу жасады

Францияның Білім беру министрі Париждегі мектептердің біріне барып, оқушылармен бірге жаттығу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрдің мұндай бастаманы қолға алуы бекер емес. Өйткені 2019 жылғы статистика бойынша Францияда әрбір алтыншы адам семіздікке шалдыққан. Ал, коронавирус пандемиясы бұл мәселені ушықтырып жіберген. Өйткені көбі үйден жұмыс істейді. Тиісінше, көп қозғалмайды. Оның үстіне жергілікті мектептер ашық болғанымен, қаңтардың ортасынан бері ғимарат ішінде дене шынықтыру өткізуге тыйым салынған.

Жан-Мишель Бланке, Франция білім беру министрі:

- Қазіргі жағдайда салауатты өмір салтын ұстану аса маңызды. Біз тек семіздікпен ғана күреспейміз. Бұл балалардың психикалық жағдайына да жақсы әсер етеді. Өйткені көп қозғалып, жаттығу жасағанда оқушылардың көңіл күйі көтеріліп қалады.