Грекияда орта мектептер қайта ашылды

Олар шамамен 2,5 ай жабық тұрған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жаңалыққа біреулер қуанса, екіншілері реніш танытты. «Өйткені эпидемиологиялық ахуал әлі жақсарған жоқ» дейді. Әсіресе, соңғы аптада коронавирус жұқтыру деректері артып кеткен. Мектептердің ашылуына қарсы тараптардың айтуынша, балалар сақтыққа салғырт қарайды. Мәселен, масканы тақпауы мүмкін. Қашықтық сақтамайды. Олар келесідей дәйектерді келтіреді. Елде 11 қаңтарда бастауыш мектептер ашылған. Алайда деректер санының артуына байланысты небәрі 3 апта ішінде солардың 205-і қайта жабылып қалса керек.

Блиц 1:

- Жастар жағы бұл мәселеге жауапкершілікпен қарамайды. Ережелерді елемей жатады. Ал мұның соңы вирустың тез тарауына әкеп соқтырады.

Блиц 2:

- Қоғам үшін мектептердің қайта ашылуы аса маңызды. Сондықтан олардың біртіндеп ашылып жатқаны жақсы. Бірақ десе де, санитардық талаптар қатаң сақталуы керек.