Кубада Abdala вакцинасын адамдарға сынау басталды

Куба коронавирусқа қарсы Abdala деп аталатын вакцинасын адамдарға сынауды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпені жергілікті Гендік инженерия және биотехнология орталығы дайындаған. Клиникалық тәжірибеге 19 бен 59 жас аралығындағы 760 ерікті қатысады. Олардың арасында созылмалы ауруы бар егде адамдар да бар.

Айта кетейік, Куба Латын Америкасында коронавирусқа қарсы өз вакциналарын шығарған жалғыз мемлекет. Аралды елде 4 екпе дайындалып жатыр. Олардың ішінде «Соберана 1» және «Соберана 2» вакциналары сынақтың орта кезеңінде, ал «Мамбиса» деп аталатын екпесі алғашқы сатысына аяқ басқан. Жалпы Кубада індет таралғалы 27 мыңнан аса адам дертті жұқтырған.

Амилкар Перес Ривероль, жұқпалы аурулар маманы:

- Куба өзінің вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат сұрауы мүмін. Яғни екпе сынақтың үшінші кезеңін аяқтамай жатып қолданылуы ықтимал. Бұл халықтың кей топтарын дертке қарсы егуге мүмкіндік береді. Ал қалған тұрғындар тәжірибе толығымен аяқталған соң вакциналанады.

 

Сондай-ақ...