АҚШ «Ашық аспан» келісіміне қайта оралуы мүмкін

АҚШ былтыр қараша айында шығып кеткен «Ашық аспан» туралы келісімшартқа қайта оралуы мүмкін.

Бұл туралы Мемлкеттік департаменттің өкілі Нед Прайс мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа әкімшілік мәселені уақыт келгенде қарастыруға ниетті.

Еске сала кетейік, АҚШ бұл келісімнен шығатыны туралы алғаш рет былтыр мамыр айында Дональд Трамп президенттігі тұсында мәлімдеген. Вашингтон Мәскеу келісім бойынша өзіне алған міндеттерді бұзды деп айыптаған еді. Жалпы «Ашық аспан» келісіміне 1992 жылы қол қойылған. Бұл келісім мүше елдерге бір-бірінің аумағында ұшуға, қарулы күштерді бақылауға мүмкіндік береді.