Джефф Безос Amazon компаниясының бас директоры қызметінен кетеді

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 2021 жылдың үшінші тоқсанында компанияның бас директоры қызметінен кетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Amazon-ның жаңа басшысы болып қазір Amazon Web Services-ті басқарып отырған Энди Ясси тағайындалмақ. Ал Безостың жаңа қызметі директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы болмақ. Оның айтуынша, алдағы уақытта да компанияның маңызды жобаларына атсалысатын болады, десе де, енді өзінің қайырымдылық қорлары мен аэроғарыш компаниясы Blue Origin және The Washington Post газетіне көп көңіл бөлмек ниетте.

Айта кетейік, Джефф Безос Amazon компаниясын 1994 жылдан бері басқарып келеді. Бүгінде Amazon – әлемдегі ең ірі интернет-сауда алаңы. Ал, Forbes-тің мәліметі бойынша 57 жастағы Безос әлемдегі ең дәулетті адам болып саналады. Оның байлығы 196 млрд долларға бағаланып отыр.

Сондай-ақ...