Навальныйға «Ив Роше» ісі бойынша жаңа үкім шығарылды

Ресейде Алексей Навальныйға «Ив Роше» ісі бойынша сот жаңа шешім шығарып, шартты түрде кесілген үкімді өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді оппозиция өкілі бұл іс бойынша қалған жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді. Бірақ оның үйқамақта отырған уақыты есептеледі. Яғни Навальный  түрмеде 2 жыл 8 ай отырады. Оппозицонер қорғаушылары сот үкімін қайта қарау үшін шағым түсірмек. Бұған 10 күн уақыт берілген. Әлемнің бірқатар елдері оппозиция өкілін босатуды талап етіп жатыр.

Еске сала кетейік, Алексей Навальный «Ив Роше» ісі бойынша 2014 жылы шартты түрде үш жарым жылға сотталған еді. Оған «компанияға қатысты алаяқтыққа барды» деген айып тағылған болатын.