419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Starship ғарыш кемесінің тұпнұсқасы сынақ кезінде апатқа ұшырады

  • 96
  • UPD: 14:21, 03.02.2021
Starship ғарыш кемесінің тұпнұсқасы сынақ кезінде апатқа ұшырады Фото: SpaceX / Global Look Press

SpaceX компаниясының Ай мен Марсқа ұшыруға арналған Starship ғарыш кемесінің тұпнұсқасы сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат Техас штатындағы ұшу алаңына қону кезінде болды. Ғарыш кемесі сәтті ұшырылып, 10 шақырымға дейін көтерілген. Бірақ қайта қонар кезде жерге құлап жарылды. Компания зымыранның ұшуын тікелей эфирде көрсетті. Апатқа зымыранның жанармай бөлігіндегі қысымның аз болуы себеп.

Бірақ компания басшысы Илон Маск «ғарыш кемесінің сынағы сәтті өтті» деп мәлімдеді. Жалпы бұл – Starship ғарыш кемесінің екінші сынағы. Алғашқы ұшыру былтыр желтоқсан айының 10-ы күні болып, зымыран қону кезінде тағы апатқа ұшыраған еді.

Хабар 24 телеарнасы