Сирияда вакциналаудың І кезеңінде халықтың 3%-іне екпе егіледі

Сириядағы вакциналау шарасының бірінші кезеңінде халықтың тек 3%-іне екпе егіледі.

Бұл – Дүниежүзілік денсаулы сақтау ұйымының болжамы. Себебі, «Ковакс» жаһандық бағдарламасы бойынша Таяу Шығыс мемлекетіне тегін вакцина тек сәуір айында жеткізіледі. Сириядағы эпидахуал көңіл көншітпей отыр. Елде науқастар саны артып барады. Джонс Хопкинс унивеститетінің мәліметі бойынша пандемия басталғалы Сирияда 14 мыңнан астам адам індет ілмегіне ілінген.

Акжемал Магтымова, ДДСҰ Сириядағы өкілі:

- Екпе алатындардың қатарында медицина қызметкерлері мен егде жастағы адамдар бар. Кейін басқа санаттағы тұрғындар егіле бастайды. Ол препараттың қолжетімділігіне байланысты болады.