Бразилияда жергілікті компания Ресейдің «Спутник V» вакцинасын сынаудың үшінші кезеңіне рұқсат күтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған 2-3 айдай уақыт кетуі мүмкін. Осы тәжірибенің қорытындысы бойынша компания екпені өндіруге кіріседі. Айта кетейік, бұған дейін Бразилияның реттеуші органы ресейлік вакцинаны ресми тіркеу үшін елде клиникалық сынақ жүргізу қажеттігін айтқан еді. «Лансет» журналының мәліметінше, ресейлік «Спутник V» екпесінің коронавирусқа қарсы тиімділігі 91%-тен асады.