414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада ресейлік вакцина мақұлданды

  • 64
  • UPD: 17:22, 03.02.2021
Мексикада ресейлік вакцина мақұлданды

Мексика «Спутник V» вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, бұл ел Солтүстік Америкада ресейлік екпені бекіткен алғашқы мемлекет атанды. Мексикада аталған препараттың тиімділігі 91 процентке дәлелденген. Енді осы айдың аяғына дейін 400 мың дозасы жеткізілуі тиіс. Бірақ жергілікті билік «бұл 126 миллион халыққа жеткіліксіз болады» дейді. Ел астанасы Мехикодағы жағдай қиын. Ауруханалар 87 процентке толы. Жедел жәрдем көліктері науқастарды жедел жеткізгенімен, бос орын табылмай жатады.

Хьюго Лопес-Гатель, Мексиканың денсаулық сақтау министрінің көмекшісі:

– Мексиканың Санитарлық қауіп-қатерден қорғау жөніндегі федералдық комиссия «Спутник V»-ді шұғыл қолдануға рұқсатын берді. Сондай-ақ екпе алуға арналған сайтты қайта жасап шығардық. Алдыңғы нұсқа сұраныс нөпіріне төтеп бере алмай, істен шықты. Тіпті секундына 65 мың сұраныс түскен кездер болды.

Хабар 24 телеарнасы