Оңтүстік Кореяда жаппай вакциналауға қызу дайындық жүргізілуде

Оңтүстік Корея да жаппай вакциналауға қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инчхон халықаралық әуежайында екпені қабылдап алуға және жеткізуге арналған жаттығу өткізілді. Операцияға полиция мен әскерилер қатысты. Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар лаңкестік шабуылға да қарсы бағытталған. Әзірге вакцинаның нақты қашан жеткізілетіні белгісіз. Бірақ осы айда 50 мың медицина қызметкері мен қарияларға екпе салынуы тиіс. Ал шілдеге қарай тәуекел топқа жататын 10 миллион тұрғын екпе қабылдайды.

Мун Чжэ Ин, Оңтүстік Корея президенті:

– Вакцинаны көптеп қабылдау үшін әлі қыруар көп жұмыс атқаруымыз керек. Екпелер қоймалардан вакцианалау орталықтарына жеткізу ісі оңай жүзеге аспайды. Бұған тыңғылықты алдын ала әзірлік қажет.