COVID-19: Индонезияда жаңа зираттарға шұғыл жер бөлінді

Индонезия астанасы саналатын Джакарта әкімшілігі қалаға қарасты зираттар аумағын шұғыл кеңейтуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері шаһардың солтүстігіндегі 25 гектар жерді бульдозерлер түзеп, тракторлар тегістеп қызу жұмыс басталды. Оның себебі де айқындалды. Жергілікті әкімшілік өкілдерінің мәлімдеуінше, ел астанасында коронавирустан көз жұмғандар қатары өскен. Оларды жерлеуге қазіргі қорымдар тарлық етуде. Осыған байланысты 6 жаңа зиратқа жер бөлінген.

Иван Нурканио, Джакартаның саябақ және орман агенттігінің өкілі:

– Бұл зиратты COVID-19 құрбандарына арнап салып жатырмыз. Соңғы 2 аптада өлім-жітім тіптен көбейді. Тіпті орын жетпегендіктен қазылған бір шұңқырға бірнеше отбасы мүшесін немесе туыстарды бірге жерлеуге мәжбүр болдық.