Вьетнамда коронавирустың британдық түрі тез тарап жатыр

Вьетнамның 10-ға жуық провинциясы мен бірнеше қаласында коронавирустың британдық штамы тез тарап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықталған 300-ге жуық жаңа науқастың әзірге 10-нан астамында вирустың жаңа түрі анықталған. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жергілікті билік Ханое қаласындағы эпидахуал қиын екенін айтады. Қазір аймақ халқы жаппай тестілеуден өтуде. Мамандар күніне шамамен 40 мың адамды тексермек ниетте. Індеттің ошағына айналған өзге де елді мекендерде қатаң карантин жарияланды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталғалы Вьетнамда 1 мың 800-ден астам адам қауіпті инфекция жұқтырған.