419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде бір топ жаяу жүргіншіні көлік қағып өтті

  • 93
  • UPD: 10:50, 04.02.2021
Парижде бір топ жаяу жүргіншіні көлік қағып өтті Газета.ру

Сәрсенбі күні түстен кейін Франция астанасының солтүстік-батысында көлік жаяу жүргіншілерді соғып кетті.

Салдарынан бір адам көз жұмып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жергілікті уақытпен 16:50-де ұрланған пикапты басқарған ер адам Париждің солтүстік-батысындағы Ла-Дефанс іскерлік алаңында адамдарға шабуыл жасаған. Оқиға орнынан қашып кетпек болған қаскөйді полиция құрықтады.

Прокуратураның хабарлауынша, 46 жастағы жұмыссыз ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Әзірге мұны терактімен байланыстыруға еш негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы