419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай COVAX бағдарламасына 10 млн доза вакцина бөлмек

  • 99
  • UPD: 14:44, 04.02.2021
Қытай COVAX бағдарламасына 10 млн доза вакцина бөлмек

Қытай халықаралық COVAX бағдарламасына коронавирусқа қарсы 10 млн доза вакцина бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі хабарлады. Шара вакцинаны мемлекеттерге бірдей жеткізу үшін ұйымдастырылды. Жалпы Қытайда өндірілген Sinopharm компаниясының препараты 79 процент тиімділік көрсеткен еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша жергілікті вакцинаны төтенше жағдайда қолдануға әбден болады.

Ван Вэньбинь, Қытай СІМ ресми өкілі:

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сұрауы бойынша Қытай Covax халықаралық бағдарламасына 10 миллион доза беруге дайын. Оның көбі дамушы елдердің қажеттіліктеріне жұмсалады. Біз бағдарлама қатысушыларының екпе жеткізу бойынша қандай қиындықтарға тап болғанын көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы