Еуропалық одақта иммундық төлқұжаттар енгізіле ме?

Қазір бұл сұрақ Германия қоғамында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грекия, Испания, Португалия бастаманы қолдады. Ал неміс саясаткерлері әлі де бір мәмілеге келе алмай әлек. Тіпті Германияда арнайы кеңес өткізіліп, нәтижесінде мұндай құжатты беру мүмкін емес деген шешім шығарды. Себебі вакциналар әлі толық зерттелмеген және пайда болған иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны да белгісіз. Бірақ кейбір неміс фирмалары иммундық төлқұжаттар бизнес жасауға қолайлы болады дейді. Мұндай пікірді туристік сала, қонақ үй және әуе тасымалдаушы компаниялар қолдап отыр. Германияда соңғы жылы жолаушылар тасымалы 75 процентке төмендеген.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Қазіргі жағдай мынадай: екпе салдырған адам вирусты басқаларға жұқтыра ма деген сұраққа әлі нақты жауап табылған жоқ. Сондықтан қандай да бір арнайы құқықтар туралы сеніммен айта алмаймыз. Ал жалпы ахуалға келсек, бақытымызға орай, жұқтырушылар саны азайып келеді. Бұған азаматтарымыздың үлесі ерекше. Барлығыңызға алғысым шексіз.

Еуроодақ вакциналаудың бірыңғай куәлігін әзірлеп жатыр. Медициналық құжат басқа елдің аумағынан кірер кездегі карантиннен босатуы мүмкін. Бірінші кезекте, коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандарға, әлем бойынша әуе сапарына шығуға рұқсат берілетін сияқты. Алайда бұл әзірге сарапшылардың болжамы. Еуроодақ елдерінде халықтың шамамен 2 проценті ғана вакцина салдырған.

Сондай-ақ...