425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Амстердамдағы «қызыл шамдар ауданы» өзге жерге көшірілетін болды

  • 259
  • UPD: 15:37, 04.02.2021
Амстердамдағы «қызыл шамдар ауданы» өзге жерге көшірілетін болды

Нидерландтың Амстердам қаласындағы «қызыл шамдар ауданы» өзге жерге көшірілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар билігі осындай шешім қабылдаған. Жергілікті әкімшілік Амстердамның туристік иммиджін өзгертуді мақсат етіп отыр. Қала мэрінің бастамасын саяси партиялар да қолдаған. Бірақ әйгілі туристік орынның нақты қайда көшірілетіні белгісіз.

Айта кетейік, қызыл шамдар ауданын көшіру идеясы алғаш рет 2019 жылы көтерілген. Бірақ кей қоғамдық ұйымдар оның шаһар беделіне нұқсан келітіріп тұрғанын айтып, мүлде жауып тастауды ұсынған.

Хабар 24 телеарнасы