419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чилиде гуманитарлық дағдарыс тоқтар емес

  • 98
  • UPD: 15:42, 04.02.2021
Чилиде гуманитарлық дағдарыс тоқтар емес

Чилиде гуманитарлық дағдарыс тереңдеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Венесуэла мен Колумбиядан есепсіз ағылған мигранттардың қалың нөпірі себеп. Жақында ғана шекарадан өтпек болған 2 босқын ажал құшты. Ұзақ жол жүріп, психологиялық қысымға ұшыраған Венесуэла азаматының тынысы тарылып, көз жұмған. Ол вирус жұқтыруы мүмкін деген де болжам бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша экономикалық қиындық пен азық-түлік тапшылығына ұшыраған 4 миллионнан астам венесуэлалық жақсы өмірге жат елдерге босып кеткен.

Хавьер Гарция, Колчане ауылының басшысы:

– Босқындар жергілікті халықтың меншігіне қол сұғып, шабуыл жасаған келеңсіз оқиғалар тіркелді. Мигранттар тұрғындардың үйлеріне баса-көктеп кіріп, тамақ пен киім іздеген. Көрші елдің азаматтары әлсіреп, әрең жүр.

Хабар 24 телеарнасы