Wingcopter стартапы вакцинаны дамушы елдерге дронмен жеткізбек

Вайтерштад қаласында орналасқан компанияның жұмысы өнімді шалғай жерлерге тасымалдауды едәуір жеңілдеткен.

Сөйтіп көлікпен бірнеше сағатта жететін ауылдарға екпе қас-қағым сәтте тапсырылатын болды. Бір дронмен қажетті температурада 6 келіге дейін вакцина жеткізіледі. Аппарат батареясы 100 шақырымға лайықталған. Қазір бірлестік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхитының оңтүстігінде бірқатар жобаны тәжірибе жүзінде жүзеге асырып жатыр.

Том Племмер, Wingcopter стартапының менеджері:

– Қазір көбіне дамушы елдерде жұмыс істеп жатырмыз. Ол жақта вакцинаны негізінен шалғайдағы ауылдарға жеткізумен айналысамыз. Дронымыз індетпен күресте өз үлесін қосып жатыр деп ойлаймын.