Грекияда жарылыстан қонақ үй қирады

Грекияның Кастория қаласындағы төрт қабатты қонақ үйде жарылыс болды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс жергілікті уақытпен сағат 1:30-да болған. Салдарынан ғимарат толықтай құлаған. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, сынықтар мен металл бөліктер  80 метр жерден де табылған.

Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.