Жапонияда құс тұмауының жаңа ошағы тіркелді

Жапонияда құс тұмауының жаңа ошақтары анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы дерек бойынша ұқсас жағдай Тиба префектурасындағы фермада тіркелген. Сондықтан билік 170 мыңға жуық тауықтың көзін жоятын болды.

Айта кеткен жөн, Жапонияда былтыр күзден бері 47 префектураның үштен бірінде құс тұмауы тіркелген. Салдарынан 7 миллионға жуық қанаттының көзі жойылды. Оңтүстік Кореяда да ұқсас жағдайға байланысты билік 25 миллион үй құсының көзін жоюяға мәжбүр болды.

Сондай-ақ...