Филиппин жағалауында 5,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

Филиппин жағалауында 5,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Нага қаласынан солтүстік-батысқа қарай 85 км қашықтықта орналасқан.

Ал жер сілкінісінің ошағы 2 км тереңдікте болған. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Әзірге зардап шеккендер туралы және цунами қаупі туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ...