Германияда иісшіл ит коронавирус жұқтырған адамдарды танып қоятын болды. Тіпті 94 проценттік дәлдік танытады дейді мамандар.
Жарты жыл бұрын бұл көрсеткіш 83 процент шамасында еді. Мұндай жетістікке Ганновер ветеринарлық медицина университетінің мамандары қол жеткізді. Олар иттің екі түрін - овчарка мен кокер-спаниельді адамның иісінен вирус жұққан-жұқпағанын анықтауды үйреткен.
Сөйтіп, қазір олар тіпті симптомсыз науқастарды да тез табатын болды. Негізі былтыр қыркүйекте Финляндияда да пилоттық жоба аясында иттер әуежайда жолаушыларды коронавирусқа тексеретін. Чили әуежайында да ұқсас тәжірибе жүргізіліп жатыр.
Штефан Вайль, төменгі Саксония федералдық жерінің премьер-министрі:
- Зерттеу нәтижелерін көріп, қатты таңқалып отырмын. Бізге түрлі шараларда иттердің көмегі тиюі мүмкін. Мәселен, олар концерт келушілерінің арасында вирус жұқтырғандарды анықтай алады.