Британияда вирустан көз жұмған адам саны жүз мыңнан асты

Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асты. Ал дертті жұқтырғандар қарасы 4 миллионға жақындады.

Сарапшылардың пайымдауынша, елдегі эпидемиологиялық ахуал коронавирустың мутацияға ұшырауынан пайда болған жаңа штамнан ушыққан. Қысқы мереке кезінде шектеулерді жеңілдету де індеттің таралуын өршіткен. Салдарынан халықты жаппай вакциналау жүріп жатқанына қарамастан Корольдік өзге елдермен шекарасын жауып, қатаң шараларды қолдануды жалғастыруда. Қаңтардың бас кезінде енгізілген үшінші локдаунға байланысты кәсіпорындар жабылып, тұрғындардың дәлелді себептерсіз үйден шығуына тыйым салынған.