419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде вакцина салуға қарсы топ науқанды тоқтатуды талап етуде

  • 75
  • UPD: 10:34, 05.02.2021

Израиль вакциналау саясатын өзгертіп, енді жасы 16-дан асқан тұрғындарды да жаппай еге бастады. Дегенмен, вакцина салуға қарсы топ әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіріп, науқанда тоқтатуды талап етуде.

Израильде эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Елде жаппай вакциналауға қарамастан күн сайын 7-8 мың адамның вирус жұқтырағаны анықталуда. Ауруханалар халі ауыр науқастарға лық толы. Олардың арасында жастар мен балалар көп. Қазірге дейін вируске қарсы екпені 2 миллионға жуық тұрғын алғаны белгілі. Десе де, індеттің таралуы саябырсыған жоқ. Осыны ескере келе жергілікті билік әлемде алғаш болып жасы 16-дан асқан тұрғындарға да екпе салу туралы шешім қабылдады.  

Юлий Эдельштейн, Израиль денсаулық сақтау министрі:

- Сіздерден өтініп сұраймыз. Вакцина алыңыздар. Бұл жай ғана жеке бастың ісі емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Әр кешіккен күн сайын өлім-жітіммен есеп айырысамыз.  Өздеріңізбен бірге туған-туыстарыңызды да ертіп әкеліңіз. Егер біз қалыпты өмірге оралуды қаласақ бірге әрекет етуіміз қажет.

Алайда Денсаулық сақтау министрінің сөзі бәрін бірдей иландыра қоймады. Екпеге қарсылар түрлі шаралар өткізіп, наразылық танытуда. Олар тіркелгенмен вакцинаны салдыруға көнбейді. Салдарынан мерзімі өткен екпелер жарамсыз болып қалуда. Билік мәселені қалай шешетінін де білмей дал. Бір қаланың әкімшілігі егілгендерге кейбір салық түрінен жеңілдік беріледі деп жариялады. Жоғары сынып оқушылары егілмесе тіпті мектепті бітіргені туралы куәлік ала алмайды. 

Адам Спивак, оқушы:

- Жазда жабық сыныпта емтихан тапсырдым. Біреу вирусты жұқтырып карантинде болдым. Жағдайды әрі бері ойлап екпе салдырған дұрыс деп шештім.

Үкіметте оқу орындарын ашу туралы қызу талас жүріп жатыр. Біреулер оқушылардың мектеп қабырғасына алдағы жексенбіден бастап оралуын ұсынса, өзгелер бұл індеттің өршуіне әкеледі деп қарсылық танытуда. Ал елде карантинді ұзарту туралы шешім әлі қабылданбаған.

Автор: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы