419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда сәуір айында туристік маусым басталады

  • 112
  • UPD: 11:41, 05.02.2021
Түркияда сәуір айында туристік маусым басталады

Түркияда туристік маусым сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой айтты, деп жазды HaberTurk.

Министрдің айтуынша, ішкі туризм маусымы сәуір айында басталады, содан кейін басқа елдерден туристер келе бастайды.

«Біздің мақсатымыз – туристік маусымды сәуірде бастау. Оны туристік аймақтардан бастауды жоспарлап отырмыз. Маусым Жерорта теңізінен басталып, біртіндеп Эгей аймағына ауысады», - деді Ерсой.

Хабар 24 телеарнасы