Францияда Жасмин дауылынан екі адам қаза тапты

Францияда Жасмин дауылынан 100-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Елдің оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдан Ло және Гарон мен Жиронда департаменттерінде мекендерді су басып жатыр. Марманд қалашығы толықтай су астында қалды дес болады. Тасқыннан онға жуық өңір жапа шеккен. Табиғат апаты екі адамның өмірін қиып кетті. Ондаған үй бүлініп, қираған.