Прагада қатаң тыйымға қарамастан мейрамхана жұмысын бастады

Чехия астанасындағы мейрамхана қожайындарының бірі қатаң тыйымға қарамастан өзінің тамақтану орнын қайта ашты.

Кәспіпкер бұл арқылы карантиндік шектеулерге наразылығын білдірмек болды. Себебі тыйымнан табысы азайып, күнкөріс қиындаған. Чехияда коронавирустың таралуы күшеймес үшін мейрамханалар мен дәмханалардың барлығы былтыр желтоқсан айында жабылды. Тамақтану орындарына тағамды тек жеткізіп беру қызметі бойынша жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Ал ресми дерекке сүйенсек, 10 миллион тұрғыны бар Чехияда вирусты жұқтырғандардың саны 1 миллионға жуықтап қалған.