Грузияда саудагерлер тауарларын көшеге шығарып сата бастады

Грузияда шектеулерге байланысты саудагерлердің көбі тауарларын көшеге қойып, сата бастады. Тбилисде ретсіз бейберекет сауда орындары көбейген. Шектеулердің арасында адамдар тек бетперде тағып жүру тәртібін орындап жатыр. Бірақ саудагерлердің ыстығын тексеріп, өзге шаралардың қадағалап жатқан ешкім жоқ. 

Грузияның киім және құрылыс базарлары әлі жабық. Бірақ шектеуден адамдардың күнкөрісі қиындап, қалада ретсіз көше саудасы көбейген. Дегенмен, шаһар әкімшілігі саудагерлердің кейбіріне көшеде жұмыс істеуіне рұқсат беріп, жағдай сәл де болса жақсарған сыңай байқалады. Солардың бірі карантиннен шағын бизнесін уақытша жабуға мәжбүр болған Олег Гелашвили.

Олег Гелашвили, дүкен иесі:

- Өткен жылы 4 айдан астам уақыт, ал биыл 1 айдан аса жабық болып жұмыс істеген жоқпыз. Мен сияқты еңбекке үйренген ескі көзқарасты адам үшін кәсіпсіз отыру қиын екен. Шағын фабрикам бар еді. Тапсырыс  та үзілмейтін. Бірақ індеттен көп қиындыққа тап болдық.

Грузияда өткен аптада наразылық акциялары толастамады. Бизнес өкілдері биліктен шектеулерді алып тастауды сұрап жатыр. Бірақ үкімет кәсіпкерлер емес, карантинді алмауға кеңес беріп отырған эпидемиологтарға құлақ асуда. Олар енді халықты жаппай вакциналауға шақырып жатыр. 

Тенгиз Церзвадзе, Грузия жұқпалы аурулар орталығының директоры:

- Ең алдымен денсаулық сақтау саласының мамандары егіледі. Наурыз айында елге 300 мың доза вакцина жеткізілуі керек. Осы ретте мен тұрғындарға екпе салдырудың маңызды екенін айтқым келеді. Халық вакцинаның зиынсыз екенін және індетті тек вакциналау арқылы жеңуге болатыынын түсіну керек.

Үкімет қалыпты өмірге шерулер емес вакциналау арқылы ғана оралуға болатынын айтады. Дәрігерлер болса коронавирусқа қарсы халықтың 70 проценті егіліп,  ұжымдық иммунитет пайда болған кезде ғана шектеулерді алып, шекараны қайта ашуға болады дейді. 

Авторлар: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили