Мехикода мейрамхана иелері наразылық шеруіне шықты

Мексика астанасында мейрамхана иелері карантиндік шектеулерге қарсы наразылыққа шығып, ыдыстарды тарсылдатты. 

Шерушілердің айтуынша, тыйымдар кәсіпкерлерді орасан зор шығынға батырған. Мейрамханалардың жабық болуынан көбі жалға алған ғимараттардың құнын өтей алмай қалды. Қызметкерлерінің жалақысын төлей алмай отырғаны қаншама. Енді олар биліктен тамақтану орындарын ашуды талап етіп жатыр.

Кевин Виченсио, мейрамхана менеджері:

- Дағдарыстан көп жапа шектік. Жағдайымыз ауыр. Мейрамхана саласы ел экономикасының маңызды бөлігі ғой. Сондықтан биліктен көмек сұраймыз.