Польшада көлден оннан астам бұғы құтқарылды

Польшада құтқарушылар браконьерлерден қашып көлге түсіп кеткен ондаған бұғыны шығарып алды.

Қарақшылар оларды ұстамақ болып отшашулар атып беті қатпаған айдынға қарай қуып тыққан. Салдарынан көл мұзы опырылып, 30-дан астам жануардың 19-ы суға батып кетті. Құтқарушылар 13 бұғыны әзер құтқарып алды. Браконьерлердің бәрі ұсталған. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр.