419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде тұрғын үйдің ауласында жарылыс болды

  • 106
  • UPD: 16:28, 05.02.2021
Берлинде тұрғын үйдің ауласында жарылыс болды

Берлинде тұрғын үйдің ауласында жарылыс болды.

Жарылыстан кейін екі ер адам ұсталды. Полиция оқиға орнынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғы мен бомбаның компоненттері табылғанын айтты.

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, ауыр материалдық шығын болған жоқ.

Арнайы операция кезінде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Оның барысында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі 29 жастағы ер адам, ол ​​үйден жүгіріп шығып, полициядан жасырынбақ болған, бірақ ұсталды. Тағы 27 жастағы ер адам ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы