NASA аппараты Марсты зерттеуге кіріседі

АҚШ ғарыш агенттігінің жаңа аппараты жуық арада Марсты зерттеуге кіріседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд Қызыл ғаламшарға ақпанның 18-і күні қонуы тиіс. «Персеверанс» деп аталатын ровер НАСА-ның әзірге ең үлкен аппараты саналады. Басты мақсат – миллиардтаған жыл бұрын ғаламшар қандай жағдайда болғанын анықтау. Мамандар кезінде өзендер сарқырап ағып жатқан планетада неге тіршілік жоғалып кеткенін түсінуді қалайды. Осы үшін аппаратқа Қызыл ғаламшардың бедері мен ондағы дыбыстарды жазып алатын түрлі бейнекамералар орнатылған.

Сондай-ақ...