АҚШ босқындарды қабылдау квотасын арттырады

Джо Байден Дональд Трамптың көші-қон саласындағы жарлықтарының күшін жоя бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп президент босқындарды қабылдау квотасын арттыратынын жеткізді. Биыл мемлекет 125 мыңға дейін мигрантты елге кіргізетін болады. Айта кеткен жөн, Дональд Трамп билік басына келгенде, көші-қон саясатын қатаңдатқан еді. Мәселен, 2016 жылы АҚШ жылына 85 мыңға дейін босқынды қабылдай алатын болса, Трамп бұл көрсеткішті 15 мыңға дейін шектеген.