Қытайда сабаққа телефон алып келуге тыйым салынды

Қытайда бастауыш және орта мектеп оқушыларына сабаққа өзімен бірге ұялы телефон алып келуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша билік балалардың көзін қорғап, интернетке тәуелділігін азайтуды көксейді. Сондай-ақ бастама оқушылардың сабаққа ден қоюына септігін тигізеді дейді. Егер мұғалім ондай жағдайды байқап қалса, баланың телефонын тартып ала алады. Кейін семестр аяқталғанда қайтарып береді. Жаңа ережелерге сай мұғалімдерге де ұялы телефон арқылы тапсырма беруге болмайды.

Айта кеткен жөн, Қытайда кәмелетке толмағандардың 74 процентінде смартфон бар. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 91 проценті үнемі гаджеттерді қолданатын көрінеді. Ал 9-10 жастағы балалардың ұялы телефонды пайдалану уақыты ересектердікімен бірдей болып шыққан. Салдарынан көру қабілеті нашарлаған жастар көбейіп барады.