Парагвай «Спутник V» екпесіне тапсырыс берді

Парагвай билігі де «Спутник V» екпесіне тапсырыс берді.

Бұл туралы оңтүстік америкалық елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Әзірге вакцинаның көлемі мен жеткізілетін мерзімі белгісіз. Бұған дейін Парагвай «Астразенека» препаратын алу бойынша келісімшартқа қол қойған болатын. Британдық-шведтік екпе осы айдың ортасында келуге тиіс. Ал Спутник V-ді» қолдану үшін тіркелген елдер саны 16-ға жетті.