Таиландта балықшы сирек кездесетін маржан тауып алды

Таиландтық балықшы құны 330 мың доллар тұратын мело деп аталатын сирек маржан тауып алды.

Әлемдік деңгейде қызығушылық тудырып отырған олжа туралы «Нью-Йорк Пост» басылымы хабарлады. Бағы басым 37 жастағы тұрғын бағалы затты жағажайда ұлудың қабыршағын жинап жүргенде көрген. Әбден тазалаған соң маржанды өлшеп, салмағы 7 грамнан асатынын білді. Айта кетейік, мело - сары-қызғылт түсті өте сирек кездесетін маржан. Оларды қолдан жасау мүлде мүмкін емес. Тек табиғи жағдайда ғана кездестіруге болады.