Коста-Рика билігі 2 тонна кокаин тәркіледі

Қылмыстық топ ананастардың арасына жасырған есірткіні Еуропаға Бельгия арқылы жібермек болған.

Бірақ олардың арам әрекеті Лимон айлағында әшкере болды. Сарапшылардың айтуынша, Коста-Рика - кәрі құрлық елдеріне кокаин тасымалдайтын ірі орталықтардың бірі. Ел билігі есірткі өнімдерін үнемі тәркілеп, қылмыстық топ мүшелерін әркез қамап, ұдайы күрес жүргізіп келеді. Бірақ қаскүнемдердің легі еш толастар емес.

Михаэль Сото Рохас, Коста-Риканың қоғамдық қауіпсіздік министрі:

- Есірткі ананастың әр келісіне мұқият жасырылған екен. Бірақ біздің полиция контейнерлерді тінту кезінде бәрібір тауып алды. Олар сканнер сияқты заманауи құралдарды қолданды.