Кейт Миддлтон баланы үйде оқытудан шаршады

Ханзада Уильямның жұбайы Кейт Миддлтон локдаун кезінде балаларын үйде оқытудан «қиналып кеткенін» мойындады.

Миддлтонның айтуынша, ол оқшаулану кезінде әлемдегі барлық ата-ана тап келген машақатты бастан кешкен. 

Кембридж Герцогинясы пандемия уақытында бала тәрбиелеу адамды шаршатып жіберетінін де айтты.

«Біздің өзіміздің мұғалім болуымызға тура келді. Барлық жағынан үлгіремін деп, ақыры кешке бойымнан күш-қуат кетіп, талып шаршайтынмын», - дейді Миддлтон.

Мұнымен қатар локдаун кезінде оған балаларының шашын өзі алуына тура келген.

Айта кету керек, ханзада Уильям мен оның жұбайы қазір отбасында үш бала тәрбиелеп отыр.

Корольдік жұптың тұңғышы жеті жасар ханзада Джордж, ал ер баладан кейін бес жасар ханшайым Шарлотта өсіп келеді. Отбасының кенжесі екі жастағы ханзада Луи.

Sky News

Аударған: Г.Абилова