420,46 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакцина салдырған адам саны коронавируспен ауырып жатқандардан асып түсті

  • 298
  • UPD: 11:21, 06.02.2021
Вакцина салдырған адам саны коронавируспен ауырып жатқандардан асып түсті

Әлемде COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырған адам саны осы дертпен ауырып жатқан науқас санынан асып түсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

«Әлемдік тұрғыдан алғанда вакцина алғандар саны бізге белгілі болған дерт жұғу деректерінен асты», — деді ол.

Алайда Гебрейесустің айтуынша, вакцина салдырған адамдар үлесінің төрттен үш бөлігі, яғни көпшілігі небәрі он елге тиесілі. Осыған байланысты WHO басшысы медицина қызметкерлері мен қарттарына вакцина салып болған елдерді өзге мемлекеттермен вакцина бөлісуге үгіттеді.

WHO

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы